Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мақпал Жүнісова Air Astana туралы: Әкесін өлтіргендей автоматпен атуға дайын адамдар бар ол жерде

Мұрат Құсайыновтың басынан өткен әуежайдағы жайсыз жағдай өнер өкілдеріне оңай тиіп жатқан жоқ. Әйгілі музыканттың абыройын төккен әуе компаниясының қызметкерлеріне, әсіресе Мақпал Жүнісова қатты ашулы көрінеді. Stan.kz тілшісіне сұхбат берген Халық әртісі, шу шығарғандар әйгілі «Дос-Мұқасанның» жетекшісінен кешірім сұрауын талап етуде.  

makpal

«Кешірім сұрасын! Мұрат ағадан кешірім сұрау керек! Ол кісіге туфлиін шешкізіп, киімін шешкізу таңсық. Ол кісі қазаға бара жатыр екен. Қандай бір көңіл-күй болды деп ойлайсыз? Адамда кішкене адами қасиет болуы керек. Еңбегі сіңген адам. Мен түсініп тұрмын, заң бәрімізге бірдей. Бірақ бірден өктем сөйлемей-ақ қоюға болады ғой. Мұрат ағамыздың намысына тиді ме екен, өктем сөйледі ме екен. Біз жанында болған жоқпыз ғой. Сондықтан ештеңе айта алмаймыз. Бірақ мен Мұрат ағаны 30-40 жылдай жақсы білемін. Ол кісі әйел адамын саусағымен түртпейтін адам. Сосын ондай мінезін көрмеген адаммын. «Айналайын» дегеннен басқа ол кісіден жаман сөз естіген жоқпыз. Жалпы, қазақ қазақты солай жамандай берсек, ертең оңбаймыз», - дейді Мақпал Жүнісова.

Мақпал Жүнісованың Құсайыновты қызғыштай қоруының өзіндік себебі бар. Өйткені, әуежай қызметкерлерінің ішкі тәртібіндегі олқылықтарға талай мәрте куә болғанын айтады.

«Біріншіден, әуежайда істеп жүрген қызметшілердің өздерінің тәртіптері өте нашар. Талай нәрсені көрдім мен. Бостан-босқа бізді ұшақтан алып қалу, ешқандай тәртіп бұзушылық жасамасаң да, кішкене 10 минут кешігіп қалдың ба регистрацияны жауып тастадық деп, 40 минут ұшақ ұшпай тұрады. Сондай жағдайда қолына автомат беріп, мынаны атып таста десе, атып тастайтын адамдар бар сол жерде. Мен бір жолы өтіп бара жатсам, «шешініңіз» деп сондай бір өктем дауыспен сөйлейді де. Сәлеметсіз бе, деп сәлем беріп тұрсаң да, әкесін өлтірген адамдай көзқарас танытатын біздің қазақтың жап-жас қыз-жігіттері бар әуежайда», - дейді әнші.  

Мұндай жағдайларға жиі ұрынған Жүнісова, қазіргі таңда әуежайдағы жүру тәсілін өзгертіпті. Аталған жердегі қызметкерлерден мезі болған Мақпал, адам саны аз жүретін жерден өтеді екен. Бірақ әр қадамы ақылы көрінеді.  

«Мен қазір 5-6 жыл болды барлығы өтетін жерден өтпеймін. YIP-залға барамын да, үстіне 20 мың теңге қосып, мені ешкім түртпесін деп сол жерден өтемін. Қазір енді 27 мың болып кетіпті. Жылдан жылға өсіп жатыр. Мысалы, мен ұшаққа 15 минут қалғанда келемін. Әрі қарай өздері ұшаққа шығарып салады. Мен сол үшін ақша төлеп отырмын. Мен білемін ол жақта қандай адамдар істейтінін», - дейді Жүнісова.

Халық әртісінің еліміздегі әуежай қызметкерлеріне айтар кеңесі бар. Мақпал Жүнісованың ендігі өтініші: Мұрат Құсайыновты әбігерге салған қыз-жігіттер, шетелдік әріптестерінен үлгі алса, дейді.

«Шетелге талай ұшып жүрміз ғой. Шетелдегілер олай бізге қарамайды. Ташкент, алыс-жақын шетелдерге барамыз. Олар сенің ұшаққа билет алғаныңа рахмет айтып, сені керісінше ұшаққа жүгіртіп апарып, клинетіміз қалып бара жатыр, деп тоқтатып қоюға дайын тұрады. Ал, бізде керісінше! 30-40 минут ұшақ ұшпай тұр. Бірақ 5-10 минутқа кешіктің деп, ұшақтан сені алып тастап жатыр», - дейді халық әртісі.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

2025 жылға қарай Қазақстан пластикалық пакеттерден бас тартады

Қазақстанда пластиктен бас тарту алты жыл ішінде кезең-кезеңмен жүреді

"Бір де бір құжаты жоқ": Жаңаөзен әкімі қызмет көлігін заңсыз пайдаланған

Әкім көлігін жемқорлыққа қарсы қызметкерлер мен жол сақшылары тексерген

"Үйленгенде тойыма шақырамын": Димаш Құдайберген қазақстандық Ник Вуйчичпен футбол ойнады

Әли Әмір: "Димаш аға бізбен футбол ойнап, қуаныш пен бақытқа бөледі"

"Бибігүл, тоқта! Қазір тоқтамасаң, ертең кеш болады": Заңгер тележүргізуші Бибігүл Дәулетбектің қандай арсыз әрекетке барғанын айтты

Айгүл Орынбек: Мүгедек балалардың несібесін жеу бұл барып тұрған сұмпайылық

Ешкім күтпеген еді: 22 жастағы қазақ жігіті төрт дүркін әлем чемпионын ойсырата жеңді (видео)

Бекзат Нұрдәулетов кубалық қарсыласының тіссауытын қағып түсірді

"Аяқ-қолы сау еркек отбасын өзі асырауы керек": Елорда әкімі көпірден секірмек болған жігіт жайлы

Көлгінов: Ер азамат деген аты бар, отбасына жауапкершілікпен қарау керек

"Айқайлап, көпірден секіріп үй алам деп ойламаңыздар": Елорда әкімі көпбалалы аналардың баспана мәселесі жайлы

Көлгінов: Бұл заңсыз, этикаға да жатпайды

"Тамағыңнан бауыздаймын, тыныштық бермеймін": Қазақстандықтарға хабарласып код сұрайтын алаяқтар қорқытуға көшкен

Тұрғындар алаяқтардың гипноздап тастайтындай жағдайға жеткізетінін айтты

Табысы жылына 3 млрд долларға дейін: Ел байлығының тең жартысы 162-ақ адамның қолында

2019 жылғы Forbes рейтингі бойынша, байлығы жөнінде бірінші орында Владимир Ким тұр

Әнші бұрын қандай еді, кейін қалай өзгерді: Жанар Хамитованың өмірі (видео)

Әншінің өміріндегі жарқын мезеттерге шолу
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр