Махмұд Сабырхан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен ұтты
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Таиландтағы Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жарқын жеңіске жетіп, ширек финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Махмұд Сабырхан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді. 54 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде тайбэйлік Лай Ян-Линмен кездесті. Болашағынан үлкен үміт күтетін қазақ боксшысы қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, бірінші раудта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Енді Махмұд Сабырхан ширек финалда Шри-Ланка елінің боксшысы Жаянант Кумарамен кездеседі. Қос боксшы арасындағы ширек финалдық бәсеке 6 желтоқсанда өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін Оразбек Асылқұлов (57 кг) пен Бейбарыс Жексен (60 кг) және Дулат Бекбауовтың (67 кг) алғашқы кездесулерінде жеңіске жеткенін жазған едік.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”

