Қостанайдағы колониядан сотталушы қашып кетті
Сотталушы Қостанайдағы колониядан қашып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Алау" - ға сілтеме жасап.

Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 маусымда 1994 жылы туған сотталушы Нұрсұлтан Сариманов жазасын өтеуден жалтарған.
Нұрсұлтан Саримановтың қауіпсіздіктің ең аз мекемесінде (колония) біреудің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жазасын өтеп жатқаны белгілі.
Бұл факт Қостанай полициясында тіркелген. Тергеу басқармасы ҚР ҚК 427-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оның тұрған жерін анықтау үшін ішкі істер органдарының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.
Саримановтың қайда екендігі туралы ақпарат болса, қостанайлықтардан 8-7142-21-01-06, 8-701-190-72-38, 8-708-257-67-15 немесе 102 телефондарына хабарласуды сұрады.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен