Коронавирустан көз жұмған ер азаматтың бес баласы жетім қалды
Филиппинде әкелері коронавирустан көз жұмған бес бала жетім қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Daily Mail басылымында жазылыпты.
Мигель Планга есімді филиппиндік азамат қатерлі індетпен 41 күн бойы күресіп, артынша бақилық болған. Оның артында бес баласы, Стефани, Майки, Майкл, Джон және Чеки аңырап қалыпты. Олар осыдан алты жыл бұрын аналарынан айырылған екен. Әйел рактан қаза болған көрінеді. Қазіргі таңда жетім қалған жеткіншектерді олардың туыс әпкесі өз қамқорлығына алған.
Бүгінгі күні қайырымыды жандар ата-анасыз қалған балаларға арнап ақша жинап жатқан сыңайлы.
"Әкешім, сізге мың алғыс! біз сізді жақсы көреміз және қатты сағынатын боламыз", - деп жазыпты марқұмның қызы.
Бұған қоса ол қиын кезеңде отбасыға көмектесіп жатқан барша азаматтарға алғысын білдірді.
Қазақстан соғыс ардагерлеріне басқа елдермен салыстырғанда көбірек төлейді
Төлемдер республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады және ардагерлердің барлық санатына толық көлемде беріледі
Қазақстанда келесі жылы ҰБТ бір рет өткізіледі: Білім сапасы арта ма, қысым күшейе ме?
Әлихан: "Кейбір оқушылар қатты уайымдап, күйзеліске түседі"