Коронавирустың өмірлік зардаптары белгілі болды
Коронавируспен ауырған науқастар өмірінің соңына дейін инфекцияның зардабын шегуі мүмкін. Бұл туралы Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметінің мамандары айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Daily Telegraph басылымына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау қызметі әрбір үшінші пациентте өкпе фиброзы, сонымен қатар өмір бойы физикалық әлсіздік пен ақыл-ойдың нашарлауы байқалатынын айтты. Сонымен, ауруға шалдыққандардың 70 пайызы сананың бұзылуынан зардап шегуі мүмкін. Сондай-ақ, 10 пайыз жағдайда жүрек қызметінің нашарлайтынын айтты.
Профессор Питер Оффшавтың айтуынша, пациенттерге денсаулықты толығымен қалпына келтіру үшін орташа есеппен бір жыл қажет. Алайда, олардың кейбіреулері ешқашан толық өмірге орала алмайды.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады