Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қорқынышты және жиіркенішті": БҚО-да жүгіруге шыққан бойжеткенге белгісіз ер адам шабуыл жасаған

Орал қаласының тұрғыны таңертең жүгіруге шыққан кезде белгісіз ер адамның шабуылына тап болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

Шымкенттік қыз екі сыныптасының айуандық әрекетінен кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Мария Худобандаева өзінің Instagram-дағы парақшасында оқиғаның қалай болғанын жазды. Бұл ретте өзге де жәбірленушілер қызды қолдай кетті.

Оның сөзіне қарағанда, ер адам оны көшеде азғындаған, ал бұл өтіп бара жатқан адамдардың көз алдында болған.

"Мен оның жеңінен ұстап, полиция қызметкерлерін шақыруды ұсындым. Ол мені қорқыта бастады. Адамдардың көзінше итерді. Боқауыз сөз айтты. Айналадағы адамдар жайбарақат қарап тұрды. Ол менің полициямен сөйлесіп жатқанымды түсінген кезде қашып кетті", - деп жазды әлеуметтік желідегі жазбасында қыз.

Жәбірленуші шабуыл қала орталығында болғанын мәлімдеді.

Марияның шақыруымен келген тәртіп сақшылары рейд жүргізіп, ер адамды тауып, ұстады.

Сонымен қатар Мария Худобандаева басқа қыздардан да хабарламалар алғанын, олар Орал көшелерінде бейтаныс адамдардың шабуылдары туралы жазғанын атап өтті.

"Бұл қорқынышты және жиіркенішті. Қыздар, бастысы - үндемей қалмаңыздар. Осындай "батырларды" ізін суытпай ұстауға болады", - деді зардап шегуші.

Ол Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлеріне жедел жұмысы мен қолдауы үшін алғыс айтты.

Ал аталған факті бойынша іс сотта қаралды. Сот шешімімен шабуылдаушы 10 күнге қамауға алынды.

"Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен ер адам кінәлі деп танылды. Оған 10 тәулікке әкімшілік қамау тағайындалды. Қазіргі уақытта ол Орал полиция басқармасының арнайы тергеу абақтысына қамалды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Жәбірленушінің сөзінше, шабуылдаушы өз кінәсін мойындамаған. Ол қызға көмектескісі келген екен, өйткені оның шалбары ластанғынын байқаған.

Талқылау