Қордайдағы жаппай төбелеске 300 адам қатысқан
Жамбыл облысының Масанчи ауылында қақтығысқа әлеуметтік желілердегі арандатушылар заңсыз әрекеттерді жасауға шақырған. Нәтижесінде шамамен 300 адам қатысқан. Көрші ауылдардан да келген, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ОҚК брифингінде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Масанчи ауылындағы оқиғаныңы қалай болғанын айтты.
"7 ақпанда кешкі 19:00-де Жамбыл облысы Полиция департаментінің кезекші бөліміне Қордай ауданы Масанчи ауылының шетінде 70-ке жуық наразы тұрғын жиналды. Олардың арасында бұзақылық ниетпен топтық ұрыс басталғыан. Оқиға орнына қордайлық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері барады.
Арандатушылар мен оқиға куәгерлері болған жайтты видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды заңсыз әрекеттерге шақырған. Бұл қақтығыстың шиеленісуіне және топтық ұрысқа қатысушылар санының көбеюіне әкелді. Нәтижесінде көрші елді мекендерден 300-ге жуық адам келді", - дейді Тұрғымбаев.
Министрдің айтуынша, Масанчи ауылында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қосымша полиция жасақтары жіберілді.
"Жанжалға қатысушылар полицияға белсенді қарсылық көрсетіп, олардың заңды талаптарын дөрекі түрде орындамаған. Бұзақылар металл заттарды, тастарды, атыс қаруларын қолданған. Кейінірек Ауқатты және Бұлан-Батыр ауылдары да қақтығыстарға ұшырады. Елді мекендер мен жолдарға кіретін периметрдің айналасындағы жолдарда бөгеттер қойылды, - дейді министр.
Еске салсақ, Жамбыл облысында болған оқиғадан сегіз адам қаза тапты.