Конор Макгрегор төрт жылдан кейін октагонға оралады

UFC-дің екі салмақ дәрежесінде бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор кәсіби спортқа қайта оралуға дайындалып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның соңғы жекпе-жегі 2021 жылдың шілдесінде өткен еді, онда ол Дастин Порьемен кездесіп, ауыр жарақат алған болатын. Содан бері ирландиялық спортшы октагонға шыққан жоқ.
Шетелдік БАҚ дерегінше, Макгрегордың екі нұсқасы бар. Біріншісі – жалаңқол жекпе-жектер өткізетін BKFC ұйымында дебют жасау. Мұнда оның қарсыласы 4 қазанда өтетін Майк Перри мен Джереми Стивенстің кездесу жеңімпазы болуы мүмкін. Екінші нұсқа – UFC-ге қайта оралып, 2026 жылдың 4 шілдесінде жоспарланған арнайы "UFC White House" шоуына қатысу.
UFC президенті Дана Уайт Макгрегордың қайтадан допинг-тест тапсыру жүйесіне кіргенін және шынымен де жекпе-жекке оралуды мақсат тұтып отырғанын растады.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті

