Қытай шенеуніктерге iPhone телефондарын пайдалануға тыйым салды
Қытай билігі өздерінің мемлекеттік қызметкерлеріне шетелде жасалған телефондарды, атап айтқанда, iPhone телефондарын пайдалануға тыйым салды. Осыған байланысты Apple акциялары екі күнде 6%-ға құлдырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қытайдың мемлекеттік компанияларға iPhone телефондарын ұстауға тыйым салғандықтан Apple акциялары 6%-ға төмендеді. BBC агенттігінің мәліметінше, екі күн ішінде компанияның қор нарығындағы құны 200 миллиард долларға жуық шығынға ұшырады.
Қытай – Apple компаниясының үшінші ірі нарығы. 2022 жылы қытайлық тұтынушылар компанияның жалпы кірісінің 18 пайызын құрады. Сондай-ақ Apple өнімдерінің басым көпшілігі Қытайда жасалады.
Шетелдік смартфондарға тыйым кезең-кезеңімен енгізілді. Алғашында бұл орталық мемлекеттік аппараттың шенеуніктеріне ғана қатысты еді. Сәрсенбі күні Wall Street Journal басылымы мемлекеттік қызметкерлерге iPhone телефондарын кеңсеге әкелуге және оларды жұмыс мақсатында пайдалануға тыйым салынғанын хабарлады. Bloomberg басылымының мәліметінше, мұндай талап мемлекеттік компаниялар мен үкімет қолдайтын мекемелердің қызметкерлеріне де қойылғанын.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"