Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Психикалық ақауларға әкеледі": Уақыт белдеуіне қатысты петицияны қарау жөнінде отырыс өтті

Сауда және интеграция министрлігінде уақыт белдеуіне қатысты петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Министрлік мәліметінше, жұмыс тобының құрамына парламент депутаттары, петиция авторлары, сарапшылар, денсаулық сақтау, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік, еңбек, сауда және интеграция министрліктерінің өкілдері кірген.

Отырыс барысында петиция авторларының жақтаушысы, Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі Әсет Наурызбаев петицияның 50 мың дауыс жинауының негізгі себептерін атап өтті. 

"Біріншіден, бұл циркадтық ырғақтардың бұзылуы, біздің еліміз сияқты үлкен елде бір жалпы уақыт белдеуін адамдардың табиғи ырғағына жақындату мүмкін емес. Екіншіден, кешкі уақытта артық сағат жеке және заңды тұлғалардың шығындарына әкеледі. Табиғи циркадтық ырғақтарға жақындауымыз керек", – дейді Әсет Наурызбаев. 


Бірыңғай уақыт белдеуі қазақстандықтардың денсаулығына кері әсер етті ме – Министр жауап берді


Ал медицина ғылымдарының докторы, профессор Бек Жетпісбаевтің айтуынша, керісінше осы жылдың наурыз айынан бастап қазақстандықтар табиғи уақытқа сәйкес өмір сүре бастаған және қазір бейімделу процесі жүріп жатқан көрінеді. 

"Стресске бейімделудің өзіндік түрлері мен кезеңдері бар, оларды канадалық ғалым Ганс Селье анықтады. Бірінші кезең – мазасыздық кезеңі. Иә, біз физикалық фактордың ағзаға әсер етуіне тап болдық. Дегенмен, біздің биоритмдеріміз жаңа факторларға бейімделеді және биологиялық сағаттарымыз жұмыс істейді. Біз әртүрліміз және бейімделу процесі де әртүрлі жолдармен жүреді", – деді Бек Жетпісбаев.

Психолог Евгений Янның айтуынша, уақыт белдеуінің ауысуымен адамның биоритмдері бұзылып,еңбек өнімділігінің төмендейді. Ол ұсынған деректерге сәйкес күннің ерте шығуы мелатонин секрециясын тежейді және терең ұйқы фазасын тоқтатады, бұл болашақта ұйқының бұзылуына, кешке ұйқышылдыққа, психикалық бұзылуларға әкелуі мүмкін. Медициналық психолог халықтың денсаулығын жақсарту және әлеуметтік шиеленісті азайту үшін уақытты оңтайлы уақыт белдеулеріне ауыстыру орынды шешім болады деп есептейтінін айтты.

Еске салсақ, бұған дейін сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы петицияға қатысты түпкілікті шешім қашан шығатынын айтқан еді. 

Талқылау