Қазақстандық жеңіл атлет Чехияда өткен турнирде үздік атанды
Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова Чехияда өткен World Athletics Indoor Tour – Silver жарысында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кристина Овчинникова биіктікке секіру бойынша сайыста бірінші орын алды.
Кристинаның үздік көрсеткіші 190 сантиметр болды. Екінші орынды украиналық Юлия Чумаченко (187 сантиметр) иеленді. Ал чехиялық Микаэла Хруба (187) қола медаль жеңіп алды.
Талқылау

