Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық велошабандоз әлем чемпионатының жекелей жарысында 27-орын алды

Аустралияның Вуллонгонг қаласында әлем чемпионатының ерлер арасындағы жекелей жарысы өтті. Сайыста Қазақстан намысын Алексей Луценко қорғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алексей Луценко

Жарыс қорытындысы бойынша норвегиялық Тобиас Фосса бірінші болып мәре сызығынан өті. Екінші орынды швейцариялық Штефан Кюнг, үшінші орынды бельгиялық Ремко Эвенепул иеленді.

Қазақстандық Алексей Луценко 27-ші болып келсе, Евгений Федоров 28-ші, ал Юрий Натаров 32-ші болып мәреге жетті. 

Вуллонгонг — Вуллонгонг. 34,2 шақырым 

1.Тобиас Фосс (Норвегия) — 40:02 

2. Штефан Кюнг (Швейцария) — +0:03 

3. Ремко Эвенепул (Бельгия) — +0:09   

27. Алексей Луценко (Казахстан) — +2:23 

28. Евгений Федоров (Казахстан) — +3:05 

32. Юрий Натаров (Казахстан) — +3:53.

Талқылау