Қазақстанда жұмысынан айырылғандарға берілетін әлеуметтік төлемнің мөлшері өседі
Қазақстанда жұмысынан айырылғаны үшін төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері табыстың 45%-на дейін артады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысында президенттің 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы таныстырылды. Құжатта "Ел болашағына арналған стратегиялық инвестициялар" бағыты бойынша 37 іс-шара көзделген.
"Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жұмысынан айрылған кездегі әлеуметтік төлемдердің мөлшері орташа айлық табыстың 45 процентіне дейін ұлғайтылады", – деді Қуантыров.
Сондай-ақ 61 жасты белгілей отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін арттыруға мораторий енгізу көздейтін заңнамалық түзетулер қабылданады. Бұдан бөлек, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтіміне байланысты төлемдердің мерзімі бір жарым жасқа дейін ұлғайтылады.
Күйеуі қуып шыққан астаналық әйел үш баласымен аялдамада түнеген: Тұрмыста зорлық көрген адам неліктен ешкімге жүгінбейді
Заңгер мен психолог мұндайда не істеуге болатынын түсіндірді
"Енді қарызға той, туған күн жасамайды": Несие беру талаптарының қатаңдауы қазақстандықтарға қалай әсер етеді
Экономист: “Енді несиеге той, туған күн жасалмайды: Басты қауіп – ломбард пен пайыздық қарыз”