Қазақстанда ЖИ дамытуға арналған 200-ден астам датасет ашылды

Қазақстанда бизнес пен әзірлеушілерге жасанды интеллект негізіндегі өнімдерді жасау үшін деректерге және есептеу қуаттарына қолжетімділік ашылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің өкілдері IT-қауымдастықпен өткен ашық диалог форматындағы кездесуде хабарлады.
Кездесу кезінде қатысушыларға нарыққа қолжетімді нақты сервистер көрсетілді.
Негізгі құралдардың бірі ретінде, министрлік пен "ҰАТ" АҚ бірлесіп жасаған, Ashyq Data порталы аталды. Қазіргі уақытта платформада ашық, қолжетімді жылжымайтын мүлік аналитикасынан бастап, медициналық көрсеткіштерге дейін 200 деректер жинағы орналастырылған.
Оның ішінде 73 датасет алғаш рет жарияланды. Деректер апта сайын жаңартылып, тегін қолжетімді. Портал – деректері жеке тұлғаға байланыстырылмаған орталықтандырылған витрина, ол 120-дан астам мемлекеттік базаны біріктіреді.
Деректерге қоса, әзірлеушілерге нейрондық желілерді оқыту үшін есептеу қуаттары қажет.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"