Қазақстанда кедейшілік шегінде өмір сүретін адамдар саны артқан
Қазақстанда кедейшілік шегінде өмір сүретін адамдардың саны артқан. Кедейлік деңгейі көбінесе үлкен отбасыларда тіркелген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

"Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 2022 жылғы II тоқсанда 5,1% құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жоғары", - делінген сәрсенбі күні тараған ақпаратта.
- Елімізде ең төменгі жалақының өсуі нені білдіреді? Еңбек министрлігі түсіндірді
- Қазақстанда зейнетақы 138 мың теңгеге жетеді: Ел билігі қарттар арасындағы кедейлікпен күресетінін жариялады
Кедейлік деңгейі көбінесе үлкен отбасыларда тіркелген. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2022 жылғы II тоқсанының қорытындысы бойынша 9,3%-ды құрады, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық, деп қосты статистика бюросы.
Талқылау
Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
Маманның сөзінше, тарихи тұрғыда қор нарығы құлдыраған кезде алтынға сұраныс артады
Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады