Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда "5-20-25" бағдарламасы іске қосылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елімізде «5-20-25» бағдарламасы іске қосылатынын мәлімдеді. Министрдің сөзінше, аталған тұрғын үй бағдарламасындағы басты шарт қазақстандықтардың табысының мөлшері болмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Қазақстанда

«Бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру» тапсырмасының аясында баспанаға қолжетімлідік баспалдағы енгізіледі. Мұнда халықтың табысы айқындаушы фактор болмақ. Кезекте тұрған жетім балалар, 1 және 2-топ мүгедектері, зейнеткерлер мен тағы басқаларының отбасында жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне, яғни 29,7 мың теңгеге жетпесе, сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспана беріледі», - деді Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында. 

Министрдің сөзінше, табысы екі ең төменгі күнкөріс деңгейіне (59-4 мың теңге) жетпейтін көпбалалы, толық емес және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға «Бақытты отбасы» бағдарламасы қолжетімді бола бермек. 

Өз сөзінде Атамбаев табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 мөлшеріне (92 мың теңге) жетпейтін әскери қызметкерлер, бюджет қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер «5-20-25» бағдарламасына қатыса алатынын айтты. 

«Ал табысы 92 мың теңгеден жоғары тұрғындарға «7-20-25» бағдарламасы қолжетімді. Табысы 5 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (148,5 мың теңге) жоғары тұрғындардың бірінші және екінші қолданыстағы баспанаға қол жеткізу үшін, «Баспана-хит», «Орда», «Өз үйім» бағдарламаларына қатысуына болады», - дейді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Талқылау