Қазақстан Батыстың санкциясына байланысты 106 тауар түрін экспорттауға шектеу қойды
Батыстың санкцияларына байланысты Қазақстан 106 тауар түрін экспорттауды шектеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сауда вице-министрі Қайрат Төребаев өнімдерге мысалдар келтірді. Бұл ұшқышсыз басқарылатын ұшақтардың қосалқы бөлшектері, арнайы электроника, әскери мақсатта қолдануға болатын чиптер. Олар қазақстандық және шетелдік өндірушілердің өнімдері.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сән-салтанат салығын енгізуге қатысы пікір білдірген еді.
Министр жаңа салық түрін енгізу бойынша жұмыс атқарылып жатқанын айтқан болатын.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр
Несие біткен кезде ұлы үйді әйелінің атына аударып алған
Түркістандық кәсіпкер жоғары лауазымды полиция қызметкерлерін өз компаниясына тиесілі жүк көлігін ұрлады деп айыптады
Жәбірленушінің сөзінше, екі жол полицейі жүкті айыппұл тұрағына өздері қойған