Қазақ балуаны Арменияда өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды
Қазақстандық еркін күрес шебері Мейіржан Әшіров әскерилер арасында әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Армения астанасы Ереван күрес түрлерінен әскерилер арасындағы әлем біріншілігі басталып, балуандарымыз жарыстың алғашқы күнінде сәтті өнер көрсетті. Еркін күрестен 70 келі салмақта сынға түскен Мейіржан Әшіров қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты. Ол жартылай финалда ирандық балуанды 10:0 есебімен ұтса, финалда үндістандық спортшыны қапы қалдырды. Осылайша Мейіржан Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтынды салды.
Айта кетейік, сондай-ақ әйелдер арасында 50 келіде бақ сынаған Светлана Акинчева да әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

