Қатты жаңбыр, бұршақ жауады: Қазақстанда тамыз айына арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазгидромет мамандары тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Freepik.com
Синоптиктердің мәліметінше, тамыз айы Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райымен басталады. Атмосфералық фронттардың өтуімен найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, бұршақ жауып және екпінді жел болады деп болжанған.
“Айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасының шамалы ауытқуы болжанады: республиканың солтүстігі мен орталығында түнде +13+18°С-тан +17+22°С-қа дейін, күндіз +20+25°С-тан +25+30°С-қа дейін, оңтүстікте +35°С; республиканың батысында түнде +15+20°С-тан +20+25°С-қа дейін, күндіз +28+33°С-тан +36+41°С-қа дейін;
республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде +18+23°С-тан +22+27°С-қа дейін, күндіз +29+36°С-тан +35+43°С-қа дейін; шығыс облыстарда түнде +12+18°С-тан +15+23°С-қа дейін, күндіз +23+30°С-тан +28+35°С-қа дейін”, – делінген хабарламада.
"Ризыққа әсер етеді": Фариза Төреәлінің ауа райына қатысты жазбасы көпшілікті ойландырып қойды
Тамыздың екінші және үшінші онкүндігінде республика аумағында ыстық және құрғақ күндер салқын және жаңбырлы күндерге ауысады, кейде найзағай ойнап, бұршақ жауады.
Батыс облыстарда ауаның негізгі фондық температурасы түнде +10+20°С, күндіз +20+30°С, кей күндері ауа температурасы түнде +20+25°С, күндіз +35+41°C дейін;
- республиканың солтүстік облыстарында ауа температурасы түнде +13+18°C-тан +5+10°C-қа дейін, күндіз +28+33°C-тан +15+20°C-қа дейін төмендейді;
- республиканың орталығында және шығысындаауа температурасы түнде +13+18°С-тан +7+12°С-қа дейін, күндіз +24+29°С-тан +19+24°С-қа дейін төмендейді;
- республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстік облыстарында ауа температурасы түнде +15+20°С-тан +9+14°С-қа дейін, күндіз +32+37°С-тан +29+34°С-қа дейін төмендейді.