Ресейде қаруластарын қырып салған сарбазға сот үкімі шықты
Ресейлік Чита соты әскерге шақырылған сарбаз Рамиль Шамсутдиновты қаруластарын атқан үшін кінәлі деп тауып, 24 жарым жылға қатаң режимдегі колонияға соттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Желтоқсан айының соңында қазылар алқасы Шамсутдиновты кісі өлтіру мен кісі өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп таныды, бірақ жұмсақтыққа лайық деп тапты. Айыптаушы тарап Шамсутдиновті 25 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сот өкілінің айтуынша, Шамсутдинов 24 жыл 6 ай қатаң режимдегі колонияда отырады. Оның айтуынша, Шамсутдинов сабырмен тыңдаған.
- "Әке, кешір, менің басқа амалым болмады": 8 әріптесін атып өлтірген сарбаз өкінбейтінін айтты
- Блогерді TikTok-қа видео түсіріп жатқан кезде абайсызда атып тастады
Сондай-ақ жәбірленушілердің сотталушыға қатысты талаптары ішінара қанағаттандырылды.
Сотталушы төртеуіне - 1,5 миллион рубль, екеуіне - 1,3 миллион рубль, біреуіне - 1,2 миллион рубль береді.
Естеріңізге сала кетейік, 25 қазан күні қатардағы жауынгер Шамсутдинов өзімен бірге қарауылда болған 8 бірдей әскериді автоматпен атып өлтірген. Оның қолынан екі офицер, төрт солдат пен келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген екі азамат қаза тауып, тағы екеуі жараланды.
Кейін белгілі болғандай, Шамсутдинов қызметтестерінен көрген қорлық пен әлімжеттікке шыдай алмаған. Отан алдындағы борышын өтеуге келген солдат екі ай өтпей, өзінен шені жоғары қызметтестерінен үнемі таяқ жеп тұрған.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
