Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында апат салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үшеуі зардап шекті

Қарағанды облысында Алматы-Балқаш тас жолында екі көліктің соқтығысуы салдарынан он бір жастағы бала және екі ересек адам қаза тапты.

krovavaya-avariya-na-darnitskom-mostu-telo-muzhchinyi-razorvalo-na-chasti-01-02-2016-e1466564532334

20 маусымда түнде Балқаш-Алматы тас жолында Гүлшат ауылының маңында «Тойота Ланд крузер» көлігінің жүргізушісі, алдын ала дерек бойынша, қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқаны анықталды. Алған ауыр жарақаты салдарынан үш адам – жүргізуші, жолаушылар орындығында отырған әйел мен 11 жастағы жасөспірім оқиға орнында көз жұмды. Үш адам ауруханаға жеткізілді, олар 1978 жылғы әйел, төрт жасар және тоғыз жасар жолаушылар.

«Олардың жағдайы ауыр, қазір қажетті көмек көрсетілуде», – деп хабарлады Приозерск ауруханасынан. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Әлия Назарбаева Нью-Йорк Евразия кинофестивалінде жүлдеге ие болды

Жантүршігерлік қылмыс: Көкшетаулық судьяның өліміне қатысты қылмыстық істе жаңа деректер пайда болды

Оралман қыздар: Қазақстанда бізге ауылдан келген деп қарады, бірақ біз Америкадан келген едік

Талқылау