Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Махмұд Сабырханның туған інісі Азия чемпионатының алтыны үшін жұдырықтасады

Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырханның туған інісі Төрехан Сабырхан Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының алтын жүлдесі үшін жұдырықтасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚБФ

Бокстан жастар арасындағы Қазақстан құрамасының капитаны Төрехан Сабырхан Астанада жастар мен 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты. 67 келі салмақта сынға түсіп жатқан былғары қолғап шебері жартылай финалға дейін еш қиындықсыз жетіп, жартылай финалда үнді боксшысы Сумитті 5:0 есебімен ұтты. Париж олимпиадасына жолдама беретін турнирге қатысу мүмкіндігінен айырылған Төрехан финалда өзбек боксшысы Мұхамедазиз Исмаиловқа қарсы жұдырықтасады. 

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан – жастар арасында үш рет Азия чемпионатының жеңімпазы атанған боксшы. Ол Астана төрінде төртінші рет сарықұрлықтың үздік боксшысы атануға тырысады

Талқылау