Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда тағы бір қаржы пирамидасы әшкереленді

Қарағандылық полиция қызметкерлері қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен әйелді ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

16 қыркүйекте 27 жастағы жігіттен арыз түскен. Жас жігіттің сөзінше, ол бизнеспен айналыспақ болып, 2019 жылдың тамызында белгілі бір компанияға барды. Оның басшылары инвестициялардан тез дивидендтер алуға уәде берді.

Қарағандылық уәдеге сеніп, компанияға тоғыз миллион теңге салған. Бір жылдан кейін ол қаражатынан ешқандай пайда таппай, опық жеп қалған. 



"Оның айтуынша, компанияның басшылар 58 және 51 жастағы екі әйел, сонымен бірге 24 жастағы ер адам. Полиция қызметкерлері 58 жастағы қатесін мойындаған күдіктіні ұстады. Қылмыстық кодекстің 190-бабы алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта полиция басқа күдіктілерді іздеуде", - делінген хабарламада.

STAN.KZ
Бейсенбі, 17 Қыркүйек, 2020 14:50
Талқылау