Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан алты адам көз жұмды
Қарағанды облысында жол апатынан алты адам көз жұмды. Тағы екі жасөспірім түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды Вечерняя Караганда-ға сілтеме жасап.

Видеодан кадр
Дерекке сүйенсек, оқиға кеше кешкі сағат 18:15 шамасында “Алматы - Екатеринбург” республикалық тас жолында болған. Қарағанды қаласына 20 шақырым жетпей “Тойота камри” және “Ниссан” маркалы көліктері соғылған.
Жол апаты салдарынан алты адам оқиға орнында көз жұмды. Оның ішінде екі көліктің де жүргізушісі бар.
Сонымен қатар кәмелет жасына толмаған екі бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Осы қайғылы жағдайға байланысты Қарағанды облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жол ережесін сақтауды, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.
"Ұлымды ұрды, заттарын жоғалтты": Алматылық ана ұлының "Жаңа Ұрпақ" лагерінде қорлық көргенін айтып берді
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ