“Қара шайға нан батырып жейді”: Алматыда балабақшалардың бірінде шу шықты
Әлеуметтік желіде Алматы қаласындағы балабақшалардың бірінде балаларға сапасыз тамақ берілетіні туралы видео тарады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желідегі кадрларда балалар нан мен жұмыртқа жеп отырғаны байқалады.
"Мұнда балалар қара шайға нан салып жейді. Неге өз балаларына мұндай тамақ бермейді? Бұл - мемлекеттік балабақша", - дейді видео авторы.
Ал видео астындағы жазбада бұл қаладағы №164 мемлекеттік балабақша екені жазылған.
Алматы қаласы Білім басқармасы өкілдері осы видеоға қатысты пікір білдірді.
"Осы жағдайға қатысты жан-жақты тексеріс жүргізу үшін мониторинг топ құрылды. 20 наурызға дейін бақылау комиссиясы өз жұмысын аяқтауға тиіс. Қазір Алматы қаласы білім басқармасының қызметкерлері мектепке дейінгі ұйымға кетті. Тексеру нәтижелері қосымша беріледі", - делінген хабарламада.
Алматылық ерлі-зайыпты заңгерді өздеріне шабуыл жасап, қоқан-лоқы көрсетті деп айыптады
Автор: "Бізді біреу өлтіріп кетсе, оның кім екенін білесіздер”
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді