Қапшағайда із-түссіз жоғалған шетелдіктің денесі табылды
Қапшағайда біраз уақыт бұрын жоғалып кеткен Қытай азаматының денесі табылды. Биыл қараша айының соңында, туыстарымен байланысқа шықпағаннан кейін оған іздеу жарияланған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Qapshagay парақшасында ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат жарияланды.
"ҚХР азаматының денесін 11 желтоқсанда іздеу жүйелері демалыс орындарының бірінде, "Заря Қапшағай" саяжай қоғамының жанында тапты. Өлімнің себебін тергеу анықтайды", - делінген хабарламада.
1970 жылы туған Қытай азаматы Ван Ганг Алматыда тұрған. Ол 27 қарашада туыстарымен байланысын тоқтатқан соң оған іздеу жарияланды. Ер адамды іздеуге еріктілер көмектесті.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”