Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қаным да қазақ, жаным да қазақ": Төреғалидің әнін шырқаған орыс әйел жұртты сүйсіндірді (видео)

Төреғали Төреәлінің әнін орындаған орыс ұлтының өкілдері жұртты таңқалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төреғали Төреәлінің «Жүрегім қазақ» әнін орындаған орыс жігіт пен келіншек желіні жарды. Бұл бейнежазбаны Төреғали Төреәлі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Әнді ықыласпен орындап отырған екеуі мәтіннің бір жерінде мүдірмеген. 

«Өте керемет, біздегі қазақтар қазақша сөйлей алмайды», «Жарайсыңдар, біздің депутаттар өлең түгілі қазақша сөйлей алмай жүргенде», «Орыстар деп айта бермеңіздер. Ұлттың жаманы жоқ, адамның жаманы бар» десті жұрт.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

🇰🇿🇷🇺

Публикация от Төреғали Төреәлi (@toregalitoreali)

Соған қарағанда Төреғалиді тек қазақтар емес, басқа ұлт өкілдері сүйіп тыңдайтын сыңайлы. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр