Бір аяғынан айырылған: Ақмола облысында әйелге шабуылдаған алабай иттің иесі 5,5 миллион теңге төлемек
Ақмола облысының Атбасар қаласында таңертең жұмысқа бара жатқан әйелге көршісінің иті бас салып, алған жарақатынан әйелдің сол аяғын ампутациялауға тура келген. Атбасар аудандық соты ит иелерін жәбірленушінің денсаулығына келтірілген шығынды, сондай-ақ бес миллион теңге көлемінде моральдық шығынды өтеуге міндеттеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атбасар ауданының полиция бөлімі ит иесіне қатысты айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданумен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.
"Ақмола облысы Атбасар аудандық сотының шешімімен зардап шегушінің жауапкерлер тарапынан денсаулығына келтірілген зиянды өтеу және моральдық залалды өндіру туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Сот сотталушылардан жәбірленушінің пайдасына 357 914 теңге материалдық шығынды, 85 131 теңге жоғалған кірісті, 5 миллион теңге моральдық залалды өтеуді және оны өтеуге кеткен шығыстарды бірлесіп өндірді", – деп қорытындылады департамент.
Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан