Іштен кілттеніп қалған: Ақтауда бір апта ішінде төрт бала құтқарылды
Бір апта ішінде ақтаулық құтқарушылар үш рет балаларды өз үйлерінен алып шығуға мәжбүр болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

13 ақпанда мамандар екі және алты жастағы екі баланы құтқару үшін екінші қабаттан терезе арқылы кірді. Балалар ата-аналарына берілді.
15 ақпанда тағы бір бала қамалып қалған. Мұнда құтқарушылар есікті бұзып ашты. Келесі күні екі жасар бөбекке көмек қажет болды. Ол іштен құлыпталып, ата-анасы пәтерге кіре алмаған. Автобаспалдақ қолданылды.
Талқылау