Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илья Ильин ота арқылы басына шаш жасатты

Қазақстандық зілтемірші, үш түрлі салмақ дәрежесі бойынша төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин өмірінде болып жатқан өзгерістерді айтты. Спортшы жеке құпиясын айтып, көпшілікті таңғалдырды. 

Спортшы жақында шашын тақырлап алып тастаған еді. Енді дәрігерлердің көмегімен жасанды шаш салдырды. 

“Достар! Қайырлы күн. Сіздерге айтар жаңалығым бар. Айтқым келмеген негізі, бірақ айтайын. Мен шаш жасатып жатырмын. Дәрігеріме сенемін. Шаш салдырып жатырмын. Сол үшін шашымды алып тастаған едім. Көптен бері шаш жасауды армандап жүргем. Енді өз туған күніме сый жасадым. Енді жарты жыл шашсыз жүру керек. Әрі қарай қалай болатынын білмеймін. Уақытымен көреміз. Бәріңізді жақсы көрем. Сәттілік тілеймін”, – деді ол. 

Спортшы дәрігерін көпшілікке көррсетіп, оған ризашылығын білдірді. 

Айта кетейік, Қазақстанда шаш трансплантациясының бағасы 2000 доллардан басталады. 

Желідегілер таңданысын білдіріп, енді бір өз кеңесін айтып жатыр. 

“Спортшының түрі емес, күші болса болды емес пе?”, “Жасанды шаштың не керегі бар, табиғатқа қарсы шығып”, “Қазір бәрі бар, заманауи технология, оны пайдалану керек”, “Бәрі жақсы болсын, көңіліңізден шықсын”, ”Естімеген елде көп”, “Өз шашыңыз шықпай ма?”, “Зияны тиіп жүрмесін”, “Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы”, – деп жазды олар. 


Талқылау