Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иесінің қатерлі ісік ауруын сезіп, оның өмірін сақтап қалған төбет

Висконсин штатының тұрғыны итінің арқасында өзінің қатерлі ісік ауруына шалдыққанын білді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star сайтына сілтеме жасап.

Стефани Херфельдің айтуынша, Сьерра дейтін төбеті алты жыл бұрын біртүрлі қылық көрсететінді шығарған. Иесінің жанына келіп, ішін иіскей береді екен.

Стефани төбетінің бұл қылығына басында назар аудармаған, бірнеше күннен кейін оның мұрынын басып, шкафқа тығылып жатқанын көреді.Итінің қылығы мен ішіндегі басылып бермегене аурудан соң, Стефани дәрігерге баруды жөн санайды.

Нәтижесінде үшінші дәрежелі қатерлі ісік ауруы бары анықталады да, тезара емдеу шаралары басталып кетеді. 

Онколог Дэвид Кушнердің айтуынша, иттің мұндай мінез танытуы рационалды түсініктеме болып табылады. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, әдетте иттер сау қан мен қатерлі ауруға ұшыраған қанды ажырата алуға қабілетті болып шығады. 

«Зерттеудің бұл саласы өте қызық. Қатерлі ісікті анықтау үшін иттің иіс сезу қабілетін қолдануға мүмкіндік береді», - дейді ғалым Х. Джанкейра. 


Иттер туралы таңғажайып мәлімет

Талқылау