Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Иә, мен тұрмысқа шықтым": 5 баланың анасы, әнші Динара Сұлтан шаңырақ көтерді

Қазақстандық әнші, көпбалалы ана Динара Сұлтан тұрмысқа шықты. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде жарияланған фотосуретте танымал әнші балаларының ортасында сәнді көйлекпен тұрғанын көруге болады.

Өз жазбасында: "Иә, мен тұрмысқа шықтым. Және де менің сүйікті балаларым оның куәсі болды. Мен бақыттымын. Барлықтарыңызға осындай бақыт тілеймін", - деді ол.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жаным! Сенің бойыңнан мықтылықты, табандылықты, сабырлылықты көрдім. Біреу менен "Нағыз ер адам кім?" десе, сөзсіз сені атар едім. Және көп адам да менің ойыма қосылатынына сенімдімін. Сен жанымда болғанда, мені аптап ыстықта алып,теректің саясында отырғандай күй кешемін. Яғни,сен біздің жанұямыздың тірегісің. Сенсіз бір күн,бір жылдай сезіледі. Бастысы денің сау болсын,қалғанының бәрі шүкір сенде бар🙏🏻Туған күнің құтты болсын жан-жарым❤️❤️❤️ #туғанкүн #жаным #аманжур

Публикация от Dinara Sultan (@dinara_sultan1)

Динара Сұлтанның таңдауы өзінен 17 жас үлкен бизнесмен Ерлан Қожасбайға түскен. Әнші парақшасында серігін жан-жүрегімен жақсы көретінін жасырған емес. Ол: "Сен жанымда болғанда, мені аптап ыстықта алып, теректің саясында отырғандай күй кешемін. Сен біздің жанұямыздың тірегісің. Сенсіз бір күн, бір жылдай сезіледі", — деп жазбаларының бірінде азаматына деген іңкәр сезімін білдіріп, желі қолданушыларының жүрегін елжіреткен еді. 


Динара Сұлтан алғаш рет өзінен 17 жас үлкен күйеуі жайлы айтты >>>
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

🇨🇳❤️ #theGreatWall

Публикация от Dinara Sultan (@dinara_sultan1)

 

Қазақстандық әнші Динара Сұлтан 2006 жылы "SuperStar.kz" музыкалық жобаға қатысқаннан кейінелімізде үлкен танымалдыққа ие болды. Кейінірек әнші China town тобының солисті болды.

 

Талқылау