AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлнұр Мамасарипова: Құдай мені бір "кепілдікке" қойған

Отандық продюсер Гүлнұр Мамасарипова өз көңіл күйі жайлы айтты. Продюсер аналардың мықтылығы мен балалар алдындағы рөлін айтты. 

Гүлнұр Мамасарипова: Әйелдің ашуы төсектен қайтады

“Бағана бір әнді тыңдап отырып жүрегім сығылып кетті... Іштегі бір дүниелерді қозғап жіберді ме екен. Жылағым келді-ақ, бірақ көзімнен жас шықпады, жүректің шаншып кеткені де содан болар, бар салмақты өзіне алып... Мен негізі "әлсіз" бола алмайды екенмін, біреудің көзінше тұрмақ өзімнің алдымда да... Өйткені менің әлсіз болуға қақым жоқ. Неге дейсіз ғой? Мен бала-шағамның, немеремнің көзінде "мықты" адам боп қалыптасып қалғам. Жақсы ма, жаман ба білмеймін. Образды түрде айтсам Құдай мені бір "кепілдікке" қойған сияқты... Осылардың өмірге деген махаббатын сатпа, барынша мықты бол дегендей... Олар өмірді біз арқылы көреді ғой, фильтр сияқтымыз біз... Түсіндіре алдым ба, білмеймін. Бірақ дәл қазір осындай көңіл күй”, – деп жазды продюсер. 

Мамасарипова әр ананың мықты екенін, балалар үшін олардан үлкен адам жоқ екенін тілге тиек етті.

“Айтайын дегенім... егер сен "Менің Мамам Мықты" деп ойлайтын болсаң, біліп жүр... Ол шынында да мықты, оның жүрегі "ғасырлық мұңды" да сыйдыра алады, бірақ жыламайды, бордай езілмейді, түңілмейді... Өзі үшін емес, Сен үшін”, – дейді Гүлнұр ханым.

Оның сөзін өнердегі әріптестері мен әншілер, желідегі оқырмандары қолдап жатыр. 

“Құдды бір өзім туралы жазба оқығандай болдым”, “Жылаттыңыз ғой, гүл әпшеу. Анам жақында ғана басына ота жасатқан еді. Өзін мықты ұстап жүр дейміз. Шүкір ғой. Шынымен бізді қорқытпайын деп солай көрініп жүр-ау. Аналарымыз аман болсыншы”, “Сол "мықты" боламыз деп жүрегіміз де қатып қалған сияқты ма”, “Құдіреті шексіз Алла сізді қолдап жүрсін әрқашан! Керемет жансыз ғой!”, “Маманың мықтылығын мойындап келемін. Аналар сіздерге мың тағзым”, “Мендегі ой мен ішкі арпалыс сезім”, – деп жазды олар. 


Гүлнұр Мамасарипова: Нұрболханның даусын естігенде өзім де таңғалдым, ол жобаға өзі сұранып келді

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр