Соңғы жаңалықтар

Грузияда жоғалып кеткен 13 жастағы алматылық балаға халықаралық іздеу жарияланды

13 жастағы Қазақстан азаматы Илья Пилпаниға халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы баланың анасы Ксения Пилпани айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik-Грузия-ға сілтеме жасай отырып.

Илья Пилпани

Алматылық жасөспірімді іздеу жұмыстарының жүріп жатқанына екі айдан асты. Қыста ол Грузияға әкесінің туыстарымен қонаққа келді, бірақ карантинге байланысты елге қайта алмай қалады. 18 шілдеде Илья Пилпани велосипед тебу үшін Ленджери ауылындағы үйден кетіп, қайтып оралмады. Келесі күні, 19 шілдеде, баланың туыстары полицияға арыз түсірді.

"Біз ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Борцвадземен кездескенде, Ильяға халықаралық іздеу жариялауды сұрадық. Келесі күні біздің өтінішімізді орындағанын білдік. Интерпол баланы іздейтін болды", - деді Ксения Пилпани.

"Кәмелетке толмаған адамның бас бостандығынан заңсыз айыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пилпани сонымен бірге күйеуі жәбірленуші мәртебесін алғанын айтты. Демек, қазір отбасы барлық тергеу материалдарына қол жеткізе алады.

"Біз грузин тілін білмейміз, аудармашы керек. Біз аудармашыны тапқан кезде тергеу материалдарымен таныса аламыз", - деді Пилпани.

Ата-анасы жоғалған баласының Грузия маңындағы Абхазияда болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

"Жалғыз өзі ол жаққа баруы екіталай, бірақ оған біреу көмектессе... біз әртүрлі нұсқаларды қарастырамыз және бұл солардың бірі", - деді Ксения Пилпани бірнеше апта бұрын.

Еске салсақ, Грузияда 13 жастағы қазақстандық жасөспірім жоғалып кеткенін хабарлаған едік. Туыстары жеткіншектің өте сенгіш бала екенін айтты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр