Головкин танымал әншінің суретіне түсіп қалды
Әйгілі украиналық әнші Анна Седакова желіде Ескі жаңа жылды тойлаған сәтін жариялады.

Әнші мерекені Беверли-Хиллзте жұлдыздармен бірге қарсы алды. Онымен бірге Илья Ковальчук, Евгений Малкин, Андрей Кириленко пен қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің болғанын суреттен көруге болады.
“Мен енді кімнің мафия екенін білдім. Жаңа жылдарыңызбен. Ал, суретте сіздердің сүйіктілеріңіз кім?”, – деп жазады Седакова.
Желі қолданушыларының көбісі пікір қалдырып, Головкинді сүйікті жұлдыз ретінде атады. Оның Қазақстанның мақтанышы екенін айтуда.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан