Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Голландияда сотталушылардың жетіспеушілігіне байланысты түрмелер жаппай жабылып жатыр

Нидерланды елінің билігі 2017 жылдың тамыз айының соңына дейін бес түрмені жауып тастау туралы шешім қабылдады.

thumb

Бұл туралы The Independent хабарлайды.

Елде түрмелерді толтыратын сотталушылардың аз болуына байланысты шенеуніктер осындай қадамға барған. Басылым мәліметінше, түрмелердің жабылуы 2000-дай адамның жұмыстан босап қалуына әкеліп соғады. Олардың тек 700-і ғана басқа мекемелерге ауыстырылмақ. Бұрын 2013 жылы осындай жағдайдың әсерінен 19 түрме жабылған еді. Абақтылардың бірінен соң бірінің жабылуы елде 2004 жылдан бері қылмыс деңгейінің күрт төмендеуімен тікелей байланысты.

Ел билігі осыған дейін сотталушылардың аз болу проблемасын әртүрлі жолмен шешуге тырысып келді. 2016 жылдың қырүйегінде жазасын өтеуші 240 қылмыскер Норвегиядан Голландияға әкелінді. Дегенмен әділет министрі Ард ван дер Стеурдің сөзінше, түрмелерде аздаған сотталушыларды ұстау мемлекет бюджетіне елеулі шығын келтіреді. Дәл қазіргі сәтте Нидерландыда 17 миллион халық болса, соның 11 600-і сотталған немесе 100 мың адамға 69 сотталушыдан келеді. Бұл әлемдегі ең төмен деңгейдің бірі. Салыстыра қарағанда Ресейде бұл көрсеткіш 100 мың адамға 439 адамнан келсе, АҚШ-та 716 адам.

Оқи отырыңыз:

Нью-Йорктегі қазақ полицей есірткі баронын құрықтағаны үшін марапатталды

Мексикада Трамптың суреті басылған дәретхана қағазы шығарыла бастады

Ұшақ жолаушысы сапар кезінде өзінің туған ұлына жыныстық қысым көрсетпекші болды деп айыпталды

Көркімен таңдай қақтырған моңғол қызы әлем бойынша супермодель атанды (фото)

Талқылау