Қазақстандық әншінің туындысы әлемдік хитке айналды (видео)
Jazzdauren деген лақап атпен өнер көрсететін қазақстандық әнші Жандәурен Аблаевтың бейнебаяны әлемде хитке айналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/jazzdauren
"Әйелдерге гүл сыйлаңыздар" бейнебаяны YouTube желісіне 2024 жылдың 1 наурызында DDrecords шығармашылық бірлестігінің парақшасында жүктелген. Содан бері ол 35 миллионнан астам қаралым жинап үлгеріпті. Осы статистика арқылы бейнебаян YouTube Music Global Charts рейтингінде әлемдегі ең үздік 100 бейнебаян тізіміне енді.
Бір қызығы, бейнебаянда ешқандай сюжет жоқ. Бүкіл ән бойына көрермендер қолында гүл ұстаған ер адамның суретін ғана көреді, әннің сөзін ғана көре алады.
Атыраулық кәсіпкер әнші Қайрат Нұртасты сотқа берді
Тыңдармандар әннің стилі марқұм ресейлік орындаушы Юрий Шатуновтың орындауын еске түсіретінін атап өтті.
"16 жасымда күштеп ұзатты": Зікірші Исматулланың қарындасы балалық шағындағы қорлықты айтты
Күйеуінен таяқ жеп, түрлі қорлық көрген
Шетелде үйсіздерге ай сайын 850 мың теңгеге дейін төленеді: Қазақстанда баспанасыздарға қандай көмек бар
Шетелде 400 мың теңге жәрдемақы, баспана мен қарызын өтеуге көмек беріледі