Ерке Есмахан “жүрегін от қылған” қызылордалыққа алғыс айтты (фото)
Әнші өзіне алыста тұратын жанның үнемі гүл сыйлап қуантатынын айтты. Осы жазбасынан кейін жұрт оған екінші рет тұрмысқа шығуға кеңес беріп, бақыт тіледі.
Ерке Есмахан кезекті жазабасымен желі қолданушыларына екіұшты ой салды. Ол жұрт білмейтін қызылордалыққа үнемі жолдайтын гүлдері үшін алғыс айтты. “Шоқ гүлдер Қызылордада жүрегімді от қылды. Өзі алыста болса да, гүлдерден сәлемдеме жолдап тұратын сол бір жанға рахмет!” – дейді Ерке Есмахан.
Жуырда қызылордалық жігіт әлеуметтік желіде әншіге өлең арнаған болатын. Бұл жазбаның ол жігітке қаншалықты қатысы бары әзірге белгісіз. Десе де, жұрт Еркенің екінші рет тұрмысқа шығатынын болжап, оған бақыт тіледі.
“Еркешка, жаныңа жақын жанды табуыңмен!”, “Рахмет сол жанға! Көңіліңізді бір көтеріп жіберген секілді ғой!”, “Осындай әдемі гүлдей жайнап жүрген кезіңде, қасыңда жанашыр өзіңді бағалайтын, алақанына салып аялайтын адам болса дұрыс еді.
Жалғыз ағаш орман болмайды. Сені Қарақат, Мәдина, Жазира, Бейбіт сынды бақытты әйелдердің қатарынан көргім келеді”, “Сол бір жан әрқашан бақыт сыйласын!”, “Бағың жанып, өз теңіңді тап”, “Ерке, сіз сұлусыз! Сол бір жанмен бақытты болыңыз” дейді желі қолданушылары.
Жіберіп алмаңыз:
“Болашақ жары” Ерке Есмаханның суретін салып, өзіне табыстады (фото)
Метрода “үй киімімен” жүрген Ерке Есмаханды жұрт танымай қалды (фото)
Ерке Есмахан тыңдармандарынан қателіктерін бетіне баспауды сұрады
Ерке Есмахан “бөтелкеден су ішем” атты эстафета бастады (видео)