Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Ер адам лас шұлығын иіскейтін әдетінің салдарынан ауруға шалдықты

Қытайда орта жастағы ер адам лас шұлығын иіскейтін әдетінің салдарынан ауыр өкпе инфекциясына шалдықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Dailymail.com

Қытайдың оңтүстік-батысында тұратын кеңсе қызметкері түнде қатты жөтеліп, ауырып, ауруханаға түскен. Жөтелге қарсы дәрі-дәрмектер оған көмектеспеген.

Тексеру нәтижесінде ер адамның оң жақ өкпесінен ауыр инфекция белгілері анықталды. Диагнозды растау үшін дәрігерлер бронхоскопия жасады. Бұл процедураны жасау кезінде жұтқыншақтың ішкі жағынан үлгілер алу үшін жұқа, икемді құрал қолданылады.

Зерттеу нәтижелері ылғалды жерлерде өсетін зең түрінен туындаған өкпе ауруы аспергиллезді көрсетті. Қытайлық азаматтан қай жерден жұқтырғанын анықтау үшін сұрау алынды. Осылайша оның лас шұлығын жиі иіскейтіні анықталды. Дәрігерлер оны тексеріп, құрамында ер адам жұқтырған зең штамы барыанықтады.

Саңырауқұлаққа қарсы препараттармен емдеу курсынан кейін ол ауруханадан шығарылды.

Тыныс алу органдарының маманы, дәрігер Ло Худың айтуынша, саңырауқұлақтар шұлықты ұзақ уақыт бойы киіп жүрсең тез көбейеді. Себебі олар жабық, ылғалды және жылы кеңістікте пайда болады.

"Жасушамен ластанған шұлықтарды иіскесеңіз, олар ауыз бен мұрын арқылы төменгі тыныс алу жолына түседі. Иммундық жүйе әлсіресе, бұл саңырауқұлақ пневмониясы сияқты ауруларға әкеледі", – деді маман.

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 19 Сәуір, 2025 16:50
Талқылау