Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Болашақ жары” Ерке Есмаханның суретін салып, өзіне табыстады (фото)

Ерке Есмахан жаңа суретін бөлісіп, инстаграм парақшасындағы кезекті жазбасында өзін Мона Лизаға ұқсатты. Ал желі қолданушылары суретті салған жігітті оның болашақ жары болар деп болжады.

13741166_1746640948943345_768929886_n

Фото: instagram.com/erke_esmahan/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ерке Есмахан түрлі компаниядан жиі сыйлық алып, оларды жарнамалауға атсалысып отырады. Бұл жолы ол Шалқар есімді суретші досының туындысына қайран қалғанын жеткізді. Суретті ұнатқандығы соншалық, өзін Мона Лизаға, суретшіні Леонардо да Винчиге теңеп үлгерді.

“Шалқар, таудай раxмет! Бейнелеу өнерінде бағың жансын! Бұл картинаны ұрпағым сақтаса, мыңдаған жылдардан соң құны пәленбай мыңға бағаланатын нағыз шедевр болатын шығар?! Шалқар бейнелеген “Ерке Есмаxан” боп әлем тариxында қалайық, Леонардо да Винчи салған “Мона Лиза” сияқты. Мен де тариxта қалғым келеді. Меніңше, ол кезеңде суреттер адам қолынан емес, арнайы теxникадан шығатын сияқты”, – дейді Ерке Есмахан.

Мұнымен қатар, әншінің тағы бір жазбасы екіұшты ой салды. Ол әлдеқандай аңсап жүрген арманының орындалғанын айтты. Мұның жеке өміріне қатысы бар, жоғы әзірге белгісіз. Десе де, Ерке өзінің тағы да тұрмысқа шығып, ана атанғысы келіп жүргенін жиі айтатын.

image

“Көптен бері ойға алған біршама жоспарларымды жүзеге асырып жатырмын! Баршаңызға тек сәттілік тілеймін!”, – дейді ол.

Алайда жоғарыдағы сурет тыңдармандарының көңілінен шықпаған сыңайлы. Олар туындыға жоғары бағаларын берсе де, суреттегі аруды Мөлдір Әуелбековаға ұқсатты. “Ұқсамайды. Мона Лизадай тарихта қалу үшін еріннің өзін 12 жыл салу керек”, “Еркеге емес, Мөлдір Әуелбековаға ұқсайды”, “Еркенің беті жалпақ қой”, “Еркенің өзінен де сұлу бейне болып шығыпты. Ерке сүйкімді, бірақ суреттегі арудай сұлу емес”, “Онша ұқсамай қалыпты. Ерке, Шалқар, маған ренжімеңіздер” дейді желі қолданушылары. Мұнымен қатар, бұл суретті салған жігітті болашақ күйеу бала деп болжағандар да болды.


Жіберіп алмаңыз:

Метрода “үй киімімен” жүрген Ерке Есмаханды жұрт танымай қалды (фото)

Ерке Есмахан тыңдармандарынан қателіктерін бетіне баспауды сұрады

Ерке Есмахан “бөтелкеден су ішем” атты эстафета бастады (видео)

Ерке Есмахан: Ұсыныс жасағандар көп, қайсысына шықсам екен

Талқылау