Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан “бөтелкеден су ішем” атты эстафета бастады (видео)

Әнші Ерке Есмахан Қызылордадағы концертінде бөтелкемен су ішемін деп көптің сынының астында қалған болатын. Ол өзін мәдениетсіз деп сынағандарға жауап берді.

image

Фото: instagram.com/erke_esmahan/?hl=ru

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Жуырда Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлі Қызылордада концерт қойған болатын. Аталған кеште әнші бөтелкемен су ішемін деп көптен сыни пікір естіген-ді. Мұнымен қатар, мұның еш әбестігі жоқ екендігін айтқандар да болды. Әншінің өзі де мұны қалжыңға балады.

“Су – тіршілік көзі. Оңтүстігіміздің аптап ыстығы, қасиетті айда тұтқан ораза бір жұтым қара судың қадірін ұғындырғандай.
Менің Қызылордада шөлдеп қалып, кесемен емес, бөтелкемен су ішкен суретім БАҚ-та, әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп кетті. Мақаланың тақырыбы “Ерке Есмаxан мәдениетсіз” боп кетіпті.

Мен әдеттегідей ол суреттің астына қалжың мен шындықты араластырып “сипаттама” жазған едім. Біз саxнада ән салғанымызбен, көп адамнан айырмашылығымыз жоқ қой. Стақан, кесесі жоқ жерлерді паналайтын кездер болады бізде де. Кейбiр журналист жолдастар инстаграмдағы әр суретті жаңалық қылып жариялайтын болған.

Сөйтіп, маған бір ой келді…#БөтелкеденСуІшем деген эстафета бастап жібердім. Әріптестерім қолдай кетті. Мұнымен ештеңе дәлелдемеймін! Жәй, қызық болсын деп! Кеттік па?! Кеттік. Сіз де дәл осылай су ішіп жүрсеңіз, суретке түсіп, салыңыз”, – дейді Ерке Есмахан.

Көпшілік әншінің төзімді мінезіне тәнті болып, оған жұрттың жағымсыз пікіріне назар аудармауға кеңес берген.


Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан: Ұсыныс жасағандар көп, қайсысына шықсам екен

Қабатов татуласқан Ерке мен Төреғалидің продюсерлерін әжуалады (видео)

Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан қайта табысты

Ерке Есмахан: Ұсыныс жасағандар көп, қайсысына шықсам екен

Талқылау