Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан тыңдармандарынан қателіктерін бетіне баспауды сұрады

Әнші Ерке Есмахан тыңдармандарынан өзін қатты сынамауды, қателіктерін бетіне баспауды сұрады.

image

Фото: instagram.com/erke_esmahan/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Желі қолданушыларының сыни пікірінен шаршаса керек, Ерке Есмахан өзінің кей ерсі әрекеттеріне түсіністікпен қарауды сұрады. Қателеспейтін адам болмайтындығын айтып, бетке басудың еш маңызы жоқ екенін тілге тиек етті.

“Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. Әсілі, өмір қателесулерден тұрады. Ешкім де іштен бәрін біліп тумайды. Абайдың қара сөзі де бар еді ғой?! Туғанда адам баласы есті болмайды: естіп, көріп, татып, ұстап ескерсе, дүниені таниды деген.

Дүниені танимын дегенше әлі талай қателесеміз. Бірақ, соны көзге шұқып айтып керек емес деп ойлаймын. Өзгені сынамас бұрын, өзімізге бір қарап алайықшы?! Алла тағала шебер жаратушы, адамдарды әртүрлі жаратқан. Әрқайсысына өзгеше көз, құлақ, мінез, тіпті ой, сана-сезім, тағдырды да әртүрлі етіп берген. Алайда, мінсіз адам жоқ.

Көп сөз жазбай, тобықтай түйін айтсам: бір-бірімізге мейірімді болайық, балағаттамайық, жүріс-тұрыстан кемшілік іздемей-ақ қояйық. Өзіміздің бақытты өмір сүруіміз үшін өмірден ләззат алып, жақсылық көріп өмір сүрейікші!” – дейді ол.

Мұнымен қатар, әнші өткен өміріндегі кей құндылықтың дәл қазір мәнсіз болып қалғанын, көп нәрсеге көзқарасы мен талғамының өзгергенін айтып өтті.

“Уакыт бәріне емші” дегенді көп айтамыз. Дейтұрғанмен, уақытқа сеніп жүргенде кей “ауру” асқынып кетеді. Меніңше, уақыт жәй ұмыттырады. Ал емші – өзіміз. Кезінде біз үшін маңызды болған кей жайт бүгін сол кездегідей мәнге ие емес.

Адамның құндылықтары, қызығушылықтары, тіпті кейде xоббиі уақыт өте өзгеріп отырады екен. Әйткенмен, Алла берген әр уақыт бағалы. Бағалай білейік”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан “бөтелкеден су ішем” атты эстафета бастады (видео)

Ерке Есмахан: Ұсыныс жасағандар көп, қайсысына шықсам екен

Қабатов татуласқан Ерке мен Төреғалидің продюсерлерін әжуалады (видео)

Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан қайта табысты

Ерке Есмахан: Ұсыныс жасағандар көп, қайсысына шықсам екен

Талқылау