Метрода “үй киімімен” жүрген Ерке Есмаханды жұрт танымай қалды (фото)

Сәрсенбі, 27 Шілде , 2016 11:02

Кептелістен мезі болған әнші метромен жүруді жөн көрген. Ал метро ішінде тұрған Еркені жұрт танымай қалған. Желі қолданушылары оның үстіндегі киімінің өзіне сай еместігін айтып, әжуалап алды.

image

Фото: instagram.com/erke_esmahan/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Демалысын пайдаланып Ерке Есмахан Алматы метросына өмірінде бірінші рет отырған. Артынша сол жерде суретке түсіп, оны инстаграм желісіндегі парақшасына салған. Суреттен жұрттың Ерке Есмаханға еш назар аудармағанын байқауға болады.

“Ару Алматы мендегі ең тәтті естеліктермен байланысты. Аяулы арманым орындалған мекенім де – Алматы. Бүгін Алматы метросына алғаш рет міндім. Кептелістердің “астымен” біраз шаруа тындырдым. Әрі мына ыстықта ыңғайлы көлік екен. Қысқасы метро ұнады!” – дейді Ерке Есмахан.

Суретті көрген желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Бірі әншіні қоғамдық орында үй киімімен жүр деп сынаса, енді бірі оның әрдайым сәндегі киімдерді ғана киетінін айтқан.

0

“Аяғына үй аяқ киімін киіп алғаны несі”, “Сіз тұруға тыйым салынған жерде тұрсыз ғой”, “Үй киімімен жүрсе кім танысын?!”, Ұйқылы ояу үйден шығып кеткен жоқсыз ба?” сынды жағымсыз пікірлер білдірген.

Мұнымен қатар,”Қыздар, бұл үй ішінде киіп жүретін аяқ киім емес. Жаңа буынға арналған сәнді аяқ киім. Неге осылай орынсыз киліге бересіңдер. Ерсі ештеңе көріп тұрған жоқпын. Өзіне әп-әдемі жарасып-ақ тұр” деп жақтап сөйлегендер де болды.


Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан тыңдармандарынан қателіктерін бетіне баспауды сұрады

Ерке Есмахан “бөтелкеден су ішем” атты эстафета бастады (видео)

Ерке Есмахан: Ұсыныс жасағандар көп, қайсысына шықсам екен

Қабатов татуласқан Ерке мен Төреғалидің продюсерлерін әжуалады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Неге сонша өз жерлесімізді сөз қылып қажетті қанша ….өз еркі қалай киінседе де…мейлі əнші болсада ол да адам емеспе

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар