Елдос Сметов жанкүйеріне жаңа теледидар сыйлады
Чемпион Елдос Сметов жанкүйеріне теледидар сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Желіде Елдос Сметовтың финалдық ойынына жанкүйер болып, түрлі эмоцияны өткерген ер адамның видеосы тарады. Көпшілік мұндай қолдаудың арқасында спортшылар көп жеңіс сыйлай алатынын айтып өтті.
Желі қолданушылары жанкүйердің теледидары ескі екеніне мән берген. Осыдан соң Сметов жанкүйеріне теледидар таңдап жүрген видеоны өз парақшасында жариялады.
Айта кетейік, 27 шілдеде Елдос Сметов Париж олимпиадасының алтын жүлдегері атанды. Ақтөбелік кәсіпкер олимпиада чемпионы Елдос Сметовке 100 жылқы сыйға тартты.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"