Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Елбасы келгенде диван да келді": Нұрлан Қоянбаев "Түнгі студия" бағдарламасы туралы өз шындығын бөлісті

Нұрлан Қоянбаев «Түнгі студия» бағдарламасына қатысты өз шындығын бөлісті. Айтуынша, тым аз қаражатқа жұмыс істеулеріне тура келген. Тіпті, өзі қалаған диванды көпке дейін ала алмай жүрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Шыны керек» бағдарламасына сілтеме жасап. 

НазарбаевСурет: https://brod.kz/

«Ол – Қазақстандағы ең арзан бағдарламалардың бірі болды. Кейде жұрттарға айтсам, «Сондай қаражатқа жұмыс істедіңдер ме?» дейді. Бізге ол бағдарлама ұнағандықтан, беріліп жұмыс істедік: музыканттар, халық жинайтын көмекшілер бар дегендей. Сол ақшаға қарамай, жұмыс істей бердік», - деді ол. 

Әрі қарай ол «қысқартуға» қатысты көкейінде реніші барын жеткізді. Осы орайда өзі ұнатқан диванға қалай қол жеткізгенін айтып берді. 

«Бір кішкене реніш болды. Сол замандарда дағдарыс болғаннан кейін кішкене қысқарта бастады. Тек телевидение еме, мектеп, мәдениет министрлігі, спорт сияқты – барлық жерде қысқарту жүрді. Сол кезде біз де қысқартуға кеттік. Біз кішкентай қаражатқа істеп жүргеннің өзінде бізді қысқартқанда мынандай сезім болды: Бұл жерде қысқарту басты мақсат екен ғой. Ал менің артымдағы 40-50 адам қалай жұмыс істеуі керек? (...). Енді мен ешнәрсе айтпай-ақ қояйын. Иә, Елбасы келген кезде жаңағы диван келді», - деп күлді Нұрлан Қоянбаев. 

Сондай-ақ, ол неліктен соңғы фильмдерін шетелде түсіріп жүргенін айтты. 

Талқылау