Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эфиопиядағы ұшақ апаты: Туыстарына марқұмдардың денесінің орнына бір қап топырақ берілді

Эфиопияда апатқа ұшыраған Boeing 737 MAX 8 ұшағында көз жұмғандардың туыстарына марқұмдардың мүрдесінің орнына топырақ берілді.

Эфиопиядағы ұшақ апаты: Туыстарына марқұмдардың денесінің орнына бір қап топырақ берілді

Сурет: REUTERS

Бұл туралы CNN басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Марқұм болған туыстарының денесін алып кету үшін Аддис-Абебуге келгендер апат аумағындағы топырақ салынған қап алды. Көз жұмғандарды ДНҚ-сы бойынша сәйкестендіру процедурасы аяқталмаймынша, олардың мүрдесі берілмейді. Эфиопияның көлік министрі Дагмавит Могестің сөзінше, аталған процедура алты айға дейін созылуы мүмкін. 

17 наурызда франциялық сарапшылар апатқа ұшыраған әуе кемесінің бортындағы өздігінен жазатын құралдың мәліметтерді тексерді. Олар жазбаны тыңдамастан, апатты тергеп жатқан эфиопиялық топқа тапсырды.

Естеріңізге сала кетсек, 10 наурыз күні таңертең Аддис-Абебадан Найробиге жол тартқан Ethiopian Airlines әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесімен байланыс ұшақ жерден көтерілгеннен кейін алты минуттан соң жоғалды. Апатқа ұшыраған ұшақ бортында 149 жолаушы және экипаждың сегіз мүшесі болған. Қаза болғандардың арасында 35 елдің азаматы бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау