AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Бұл не сұмдық”: Астанада өрттен көз жұмған қыздардың жаназасына жиналған тұрғындар жанайқайын жеткізді

Астанада өрттен қаза болған бес баланың денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Қабырғасы қайысқан қаралы отбасының қайғысын бөлісуге келген ел-жұрттың қарасы көп. Бірі сөзбен жұбатса, бірі жаназасы мен жерлеу рәсімінің шығынын көтеріп, қол ұшын беруде.

Астанада өрттен көз жұмған қыздардың жаназасына жиналған тұрғындар жанайқайын жеткізді

Бір үйдің бес перзенті. Бір сәтте көз жұмды, бір сәтте жаназасы шығарылды. Қайғылы хабарды естіп, Көктал кентіндегі қаралы үйге бет алған жұртта есеп жоқ. Бес табытты көргенде жыламаған адам қалмады. Жұбатарға сөз таба алмады жұрт, деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы».

«Біз ешкім емеспіз, туысы емеспіз. Қарапайым халықпыз. Қыздардың қазасы жаныма батты», – дейді көпбалалы әке Жалғас Қонысбеков.

Қаздың балапынындай тізіліп, бір-біріне қамқор болып жүретін бес бауырдың бейнесі осы көшедегі тұрғындардың, көрші колаңның көз алдынан кетер емес. Еске түссе егіледі бәрі.

«Кішкентай балаларды көзіммен көргем. Менің бала шағаммен ойнаған. Пәтерге көп баланы алмайды. Мына бөлме дәретхананың бөлмесі. Ол жерде бес бала тұрған», – дейді тұрғындардың бірі.

Көпбалалы отбасы ағайындарының ауласында уақытша баспанада тұрған. Аядай жер. Тар болса да балалардың балғын күлкісіне толған ұя еді. Қазаға келген жамағат Евгений мен Жанымгүлді жұбатамыз деп, жанайқайын да айтты.

«Ақиқат қайда? Неге біздер кішкентай балалардың табытын шығаруымыз керек? Бес бала. Үйде кезекте жоқ дейді. Бұл не сұмдық».

«Алла көрсетіп тұр. Осы бес баланы себеп қылдырып тұр. Көпбалалы ананың жағдайын көтеріңдер, жағдайын жасаңдар деп. Беретіндері жол жүру билеті. Соның өзін кондукторлар тексеріп, көпбалалы анасызба деп суретімізге дейін қарайды».

Дәуіт пайғамбардың да отыз ұлын бір күнде алған деп жұбатты халық. Бес перзентінен бір сәтте айырылып, бір сәтте соңғы сапарға шығарып салған ата-ананың жылай-жылай көз жасы да таусылғандай. Балалар о дүниеде ата-анасына шапағатшы болады, дейді дін өкілдері. Қайғыны жеңілдетсек, дейді.

«Мешіттің жамағаттың атынан жиналып жатқан қаражат бар. Қазір комиссиямен анықтап, туыстарымен сөйлестік. Алла қаласа, мешіттің атынан, халықтың атынан бір үй алып беретін болады», – дейді қаланың бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бес балалы отбасының бірнеше несиесі бар екен. Кейбір банктер қаралы үйдің қарызын жауып тастадық деп жарияға жар салды. Дегенмен бәрінің көкейінде бір сұрақ. Астанадан шалғайдағы отандастар да да қайғыға ортақтасып, жоқтау айтып жатыр жер жерден.

Еске сала кетсек, Астанада өрт салдарынан бір үйдің 5 баласы көз жұмды: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген. Олардың ең кішісі – небәрі 11 айлық. Түнде олар тірідей өртеніп кеткен кезде, ата-анасы жұмыста болған.

Бүгін марқұмдардың денесі жер қойнына тапсырылды. Жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр