Астанада өрт салдарынан бір отбасы бес баласынан айырылды
Астанада өрттен 5 бала көз жұмды. Үйден 5 баланың мәйіті табылды.

ҚР ТЖК мәліметінше, түнгі 02:34 уақытында өрт туралы хабар келіп түскен. Оқыс оқиға Астана қаласы Сарыарқа ауданында болды. Жалын 30 м/шаршыны қамтыды. Өрт сөндірушілер құтқару кезінде оқиға орнынан 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған балалардың мәйітін тапты.
Олардың ата-аналары жұмыста болған. Өртті сөндірге жеке құраммен 17 адам, ТЖК-нің 5 техникалық құралы және 4 адам жұмылдырылды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады