Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5 періште: Астанада көз жұмған қыздармен қоштасуға жүздеген адам келді

Астанада өртте көз жұмған бір үйдің бес баласын жерлеу рәсімі өтіп жатыр. Балалардың жаназасы оқылып, о дүниеге шығарып салып жатыр.

Өрттен тіл тартпай кеткен балақайлардың жаназасы оқылып, жерлеу рәсімі өтіп жатыр. Бес бірдей баланың қазасы күллі жұртты жылатты.

Дәл қазір Астанада бес сәбиді дүниеге шығарып салып жатыр.Жүрегім-ай! Иманды болсын, бес құлыншақ! Ботасынан айырылған. Бозінгендей болған. Ана жүрегін ойласам, денем қалтырап кетеді. Қош бол балақайлар, қош бол! Біз-кінәліміз! О дүниеге барғандарыңда Үлкендер сондай қатты екен. Біз қиналып осында келдік, дейтін шығарсыңдар", - дейді тележүргізуші Бибігүл Дәулетбек желіде.

Жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды. Жұрт қара жамылған отбасымен бірге жылады. Қыршын кеткен бүлдіршіндерді жоқтады.

“Қара көзге мөлтілдеп жас келеді… Осы күнге дейін болған оқиғаларға жасымды төкпеуші едім, бірақ кешеден бері, кеңірдегіме әлде бір заттар шиыршықтап тұрып қалғандай, қысылып, көзімнің алды ысытық жас толып кетіп жатыр. Бар мейірімін Алла берер! Бұдан асқан қасірет жоқ.Соншама байлықтың үстіңде өмір сүріп,бейшараның күйің кешкен қайран қазағым-ай”.

“Балапандардың жаны жəннəтта болсын. Аллам ата-анасыңа сабыр берсін. Жаным Аллам кішкентай күнəсі жоқ сəбилерді өз панаңа ала гөр!! Аллам ата анасына қайғырып отырып көңіл айтамын. Аллам алдынан жарылқасын!!!”.

“Ешқай пенденің басына бұл күнді сала көрме аллам. Ана байғұс жүрегі қан жылап жатқан шығар, бар байлығынан айырылып. Бұл өмірде бала байлығын ештене толтыра алмайды енді әке-шешесіне сабырлық алладан шапағат тілеймін тек!!! Періштелердің жатқан жері жайлы болсын!!!!”, – деп жазды желі қолданушылар.

Айта кетейік, 4 қаңтар күні түнде өрттен бір отбасының бес баласы қаза болды. Өрт сөндірушілер балалар аман алып қала алмады. Үй ішінен бес баланың мәйіті табылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау