Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин Украина мен Батысты табандылық танытады деп ойлаған жоқ - Ұлыбританияның премьер-министрі

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Украинадағы соғыс және Лондонның Ресейге қатысты бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдауға дайын екендігі туралы бірқатар мәлімдеме жасады, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Владимир Путин Украинадағы бейбіт тұрғындарға қарсы "айуандық әрекеттер" жасауда, деп мәлімдеді Ұлыбритания премьер-министрі Польшадағы негізгі еуропалық одақтастармен кездесуінде.

Оның айтуынша, Путин "көп қабатты үйлерді бомбалауға, зымырандарды зәулім үйлерге атқылауға, балаларды өлтіруге дайын".

"Халықаралық қоғамдастық украиндықтардың өз елінің болашағын өздері анықтауы керек екенін мойындайды. Мұны украиндықтардың өздері қалап отыр. Мен қазіргі жағдайларға қарап отырып, Путинмен келісімге келу мүмкін емес екеніне көзім жеткіздім", – деді Борис Джонсон.

Бұған қоса, Борис Джонсон бұрын-соңды болмаған бірқатар шаралар туралы мәлімдеме жасады. 

Осылайша, Ұлыбритания Ресеймен байланысты кемелердің кіруіне шектеу қойды. 

Сондай-ақ Джонсон Лондон мүмкіндігінше көп ресейлік банктерді халықаралық SWIFT төлем жүйесінен ажыратуды қолдайтынын және олардың ел ішіндегі активтерін бұғаттайтынын айтты.

Талқылау